Узгидромет: Өзбекстанда апта барысында ауа-райы құбылмалы болады
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша Өзбекстанда бұл аптада күн райы құбылмалы болып, кейбір аймақтарда жаңбыр жауады.
Бүгін күндіз республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай болуы да ықтимал. Кешке Ферғана алқабында жаңбыр жаууы мүмкін. Республиканың солтүстік облыстары мен оңтүстік бөлігінде жауын-шашын күтілмейді.
Жұмыс аптасының соңына қарай республиканың жазық аймақтарында негізінен құрғақ ауа райы болады.
Осы кұндер барасында байқалатын ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 23-28 градусқа жетеді. Мұндай температура мамыр айының ортасындағы орташа көпжылдық мәнге жақын.