Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Узгидромет: Өзбекстанда апта барысында ауа-райы құбылмалы болады
16:01 / 2021-02-08

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша Өзбекстанда бұл апата күн райы құбылмалы болып, кейбір аймақтарда жаңбыр жауады.

Бүгін Өзбекстанның басым бөлігінде ауа райы бұлтты болып, кей жерлерде жаңбыр жауады. Республиканың таулы аудандарында қатты нөсер жауса, тау шыңдарында қар жауады. Тек Қарақалпақстан, Хорезм және Сұрхандария облыстарында құрғақ ауа райы сақталады.

Ауа температурасы күндіз 10-15, республиканың оңтүстігінде 17-20, солтүстігінде 5-10 градус болады.

Ертең Ташкент, Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарында негізінен күннің бірінші жартысында жаңбыр жаууы байқалып, температура өзгермейді. 

Аптаның ортасына қарай Қазақстан аумағынан ылғалды ауа массалары, Өзбекстанның солтүстік бөлігіне енеді. 

Сәрсенбі күні Қарақалпақстан мен Хорезм облыстарында, ал бейсенбіде Ташкент, Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарында жаңбыр жаууы мүмкін. Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күзетіледі. Ауа райы күндіз 15-17 градусқа дейін, оңтүстікте 20 градусқа дейін жылиды.

Жұма күні Өзбекстанның барлық аймақтарында ауа райы бұлтты болады, температура жылы болады. Күндіз ауа температурасы 17-20 градусқа дейін, оңтүстік пен шөлді аймақтарда 22 градусқа дейін көтеріледі.

Апта ішінде республиканың таулы аймақтарында қар көшкіні жүру қаупі сақталады.