Узгидромет: Өзбекстан аумағында тағыда шаңды дауыл болады
2021 жыл қыс айының алғашқы күндері Өзбекстан аумағына Түркіменстан арқылы Ираннан өте жылы және құрғақ ауа енеді деп күтілуде.
Узгидрометтің хабарлауынша, 1-2 желтоқсанда ауа температурасының күрт көтерілуі аясында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін (кей жерлерде секундына 25-28 метрге дейін) күшейеуі күтілуде.
Осыған байланысты республиканың кейбір облыстары мен аудандарында шаңды дауыл көтерілуі мүмкін, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, осы жылдың 4 қарашасы күні соңғы 150 жылда Өзбекстанның климатында байқалмаған шаңды дауыл көтеріліп, ол Ташкент, Сырдария, ішінара Жызақ және Ферғана алқабы облыстарының атмосферасын ластаған болатын.