Узгидромет: Республиканың бірқатар облыстарында демалыс күндері күн суытып, жауын-шашын болады
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша демалыс күндері Өзбекстанның бірқатар өңірлерінде күн суытып, жауын-шашын болады.
13 қараша күні республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, бірақ бұлттылық артуына байланысты температура аздап төмендейді.
Жексенбі күні Түркіменстаннан Өзбекстанға біршама ылғалды және салқын ауа массалары келеді деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Тек Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Ауа температурасы түнде шамамен 3-8 градус жылы, күндізгі температура 8-13 градустан жоғары болмайды.