Узгидромет: Демалыс күндері Өзбекстанның таулы аймақтарында су тасқыны қаупі бар
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша демалыс күндері Өзбекстанның таулы аймақтарында су тасқыны жүруі мүмкін.
Аптаның соңғы демалыс күндері жаңбырлы ауа-райы болады, таулы аймақтарда кей жерлерде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Ауа температурасы көпжылдық белгілі деңгейден 2-3 градус жоғары болып, түнде 15-20, күндіз 29-34 градус жылылық байқалады.
Синоптиктердің мәліметінше осы күндері желдің жылдамдығы 17-22 м/с дейін күшейеді.