Узгидромет: Демалыс күндері Өзбекстанда температура 46 градусқа дейін жетеді
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, демалыс күндері Өзбекстан аумағында температура 46 градусқа дейін жетеді.
Соңғы күндері Өзбекстандағы ауа-райының аптап ысқыт болуы Иран аймақтарынан құрғақ және ыстық ауа ағынының келуімен байланысты.
Соның негізінде демалыс күндері ауа температурасы күндіз 40-43 градусқа дейін, оңтүстікте және шөлді жерлерде 44-46 градусқа дейін, түнде 22-27 градусқа дейін, республиканың шөлді аймақтарындағы кей жерлерде 30 градусқа дейін көтеріледі.
Республика аумағының көп бөлігінде биыл жаздың ең ыстық басталуы байқалды. Мысалы, Ташкентте осы жылға дейін маусым айының бірінші аптасында абсолютті максимал температура 37-39 градустан жоғары болмаған.