Узгидромет: Демалыс күндері Өзбекстанда қар жауады
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, Демалыс күндері Өзбекстанда жаңбыр, қар жауады.
Ертең суық антициклон Өзбекстанның барлық аймақтарын қамтып, бұлтты және салқын ауа райы күтіледі. Республикада жаңбыр мен қар түріндегі аздаған жауын-шашын болып, таулы аймақтарда қар жауады, ауа температурасы күндіз 0-5 градустан аспайды.
Жексенбі күні жауын-шашын тоқтайды, тек республиканың тау бөктерлері мен таулы аймақтарында аздаған жауын-шашын сақталады. Ауа температурасы түнде 0-5, солтүстікте 5-10, күндіз 3-8 градус жылы болады.
Демалыс күндері циклонның әсерінен тұман пайда болып, көріну нашарлайды. 21-23 қаңтарда республиканың таулы аймақтарында қар көшкіні жүру қаупі сақталады.