Узгидромет: Демалыс күндері кей жерлерде жаңбыр жауады
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша демалыс күндері Өзбекстанда жаңбыр жауады деп күтілуде.
Ертең ел аумағында жаңбыр жаууы ықтималы аздау болып, ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 28-33 градус болады.
9 мамыр, жексенбі күні оңтүстіктен бұлтты массалар келуі салдарынан республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Қарақалпақстанда, Хорезм облысында және Ферғана аңғарында жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 25-30 градус болады.