Узгидромет: Демалыс күндері ауа-райы шуақты болады
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша, Өзбекстанда демалыс күндері жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Суық антициклон шығысқа ауысуы нәтижесінде ауа температурасы көтеріледі.
Сенбі күні түнде 1-6 градус аяз, күндіз 8-13 градус жылы болады. Жексенбі күні ауа температурасы одан әрі көтеріледі, түнде ауа температурасы 2 градус суық – 3 градус жылы, күндіз 14-17 градусқа дейін жылы болады.