Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Узгидромет»: Демалыс күндері аптап ыстық болады
18:29 / 2022-06-24

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, демалыс күндері Өзбекстан аумағында аптап ыстық болады.

Ресми мәліметке сай, республикадағы облыстардың басым бөлігінде күндізгі термометр бағаны 36-39 градусты көрсетсе, солтүстік, оңтүстік және шөлді аймақтарда 40-42 градусқа жетеді.

Ертең Өзбекстан аумағына Түркіменстаннан өте ыстық әрі құрғақ ауа массалары енеді. Ауа температурасы түнде 21-24 градус шамасында, күндіз 36-39 градус, солтүстік, оңтүстік және шөлейтті аймақтарда 42-44 градус болады.

Жексенбі күні температура фоны түнде 23-26, күндіз 38-42 гардусқа дейін, ал солтүстік, оңтүстік және шөлейтті аймақтардың кей жерлерінде 43-45 градусқа дейін көтеріледі.

Кейбір таулы аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы, кей жерлерде су тасқыны жүруі мүмкін.