«Узгидромет» апталық ауа-райы болжамын жариялады
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, атаның алғашқы жартысы жауын-шашынды болмақ.
21-22 маусымда циклон күші баяулайды, бірақ орталық, оңтүстік және шығыс облыстарда найзағай болуы ықтимал. Тау бөктерінде және таулы аймақтарда кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
20-22 маусымда республиканың тау бөктерінде және таулы аймақтарында су тасқыны болуы мүмкін.
Аптаның екінші жартысында республика аумағында негізінен жауын-шашын күтілмейді, тек тау бөктері мен таулы аудандардың кей жерлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнауы мүмкін.
Күндіз ауа температурасы көтеріліп, жұмыс аптасының соңына қарай 34-39 градусқа дейін жетеді.