Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Узгидромет: Апта ішінде Өзбекстанда жауын жауады
16:14 / 2021-10-25

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» мәліметінше, 27 қазанда республиканың солтүстік облыстарында Кавказдан ылғалды ауа массаларының ағыны басталады.

Қарақалпақстанда және Хорезм облысында аздап жаңбыр жаууы мүмкін. Елдің қалған бөлігінде құрғақ ауа-райы сақталады.

28 қазанда жаңбырлы аймақ шығысқа қарай ығысады және республиканың тау бөктері мен таулы аудандарына жақындағанда жауын-шашын күшейеді және бжауын елдің басқа бөліктерінде де байқалады. Тек Қарақалпақстан, Хорезм облысы мен Ферғана алқабында жауын-шашын күтілмейді. 

29 қазанда орталық және шығыс облыстарда, сондай-ақ тау бөктерінде және таулы аймақтарда жаңбыр жауады деп күтілуде. 27-28 қазанда республиканың кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Апта ішінде ауа температурасы түнде 4-9 градус шамасында болады, күндіз ауа температурасы біртіндеп төмендейді және аптаның соңына қарай күндізгі температура 7-12 градусты жылылық байқалады.