Узгидромет: Апта ортасында өте қолайсыз ауа-райы күтілуде
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша, 16 қарашадан бастап Өзбекстанның солтүстік облыстарында, 17-18 қарашада республиканың барлық аумағына Еділ бойы арқылы Ресейден ылғалды және суық ауа массасы енеді.
16 қарашада Өзбекстанның басым бөлігінде құрғақ және жылы ауа-райы сақталып, температура 13-18 градусқа дейін жетеді. Тек Қарақалпақстан, Хорезм облысында қар аралас жауын жауып, ауа температурасы 2-5 градусқа дейін төмендейді.
17 қарашада Өзбекстанның барлық облыстарында жауын жауып, қарға айналады. Бұл жағдай тау бөктері мен жәе таулы аймақтарда қатты болады. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-5, солтүстікте түнде 5-8, күндіз 0-3 градус аязға дейін төмендейді.
18-19 қарашада Өзбекстан аумағында жауын-шашын болмайды, тек республиканың таулы аудандарында 18 қарашада қар жауады. Ауа температурасы түнде 5-8 градус аязға дейін төмендейді, солтүстікте 12-15 градус суық. Күндізгі уақытта 0-5 градус жылы, солтүстікте 0-3 градус аяз сақталады.