French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Узгидромед: Өзбекстанда ауа-райы қатты суытады
17:07 / 2020-11-26

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша 27-29 қараша күндері Ресейдің Поволжье облысындағы салқын және ылғалды ауа массасы Каспий теңізі арқылы Өзбекстан аумағына енеді.

27 қарашада Қарақалпақстан Республикасының кей жерлерінде, Хорезм, Бұқара, Науаи облыстарында жаңбыр жауады (қар, жаңбыр), кешке Самарқанд және Қашқадария облыстарында да жаууы мүмкін.

28 қарашада Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм, Бұқара, Науаи облыстарынан басқа, республиканың басқа аймақтары жауын-шашынсыз болады. Республиканың таулы аймақтарында қалың қар түседі. Жолдарда мұздап көк тайғақ болуы мүмкін.

27-28 қараша күндері республикада желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейіп,  кей жерлерде 25-27 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, күндіз 2 градус аяз, 3 градус жылы болады деп күтілуде.

Ауаның орташа тәуліктік температурасы нормадан 10-12 градусқа төмен болуы ықтимал.