Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Uzcard және Humo жыл соңына дейін интеграцияланады
15:46 / 2023-03-19

Өзбекстандағы Humo және Uzcard банкоматтарында осы екі түрдегі төлем жүйесіндегі картаның бір-бірінен қолма-қол ақша алу мүмкіндігі 2023 жылдың мамыр айына дейін қолжетімді болады.

Мемлекет басшысы тұрғындарға төлем жасауда қосымша қолайлылық жасауға бағытталған қаулыға қол қойды. Оған сәкес жыл соңына дейін республикадағы барлық терминалдар картаның екі түрін де қабылдайтын болады. 

Қаулыда «Humo» және «Uzcard» төлем жүйелерін өзара интеграциялауды кезең-кезеңімен аяқтау, оның ішінде 2023 жылдың мамырына дейін банкоматтарды біріктіру және 2023 жылдың соңына дейін төлем терминалдарын біріктіру тапсырылған.

Бұдан бөлек, 2023 жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде виртуалды кассамен қамтылған сауда және қызмет көрсету орындарында құқықтық эксперимент ретінде Ташкент қаласында қолма-қол ақшаны алу қызметін көрсету тәжірибесі енгізіледі.

Сондай-ақ, Бірыңғай қазынашылық шоты арқылы тәулік бойы онлайн режимінде есеп айырысулар жүргізу үшін Экономика және Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйесі Орталық банктің «Лездік төлемдер» жүйесіне біріктіріледі.