Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
UZCARD және HUMO төлем жүйелері біріктіріледі
15:57 / 2021-12-28

Өзбекстандағы UZCARD және HUMO төлем жүйелерін біріктіру процесінің бірінші кезеңі аяқталды. Жақын арада бір терминалда екі жүйелік картаға да қызмет көрсету жолға қойылмақ.

Орталық банктің хабарлауынша, UZCARD және HUMO терминалдары екі төлем жүйесінің карталарын өзара қабылдау үшін жаңартылған.

Президенттің «Цифрлық Өзбекстан – 2030 стратегиясын және оны тиімді жүзеге асыру шараларын бекіту туралы» Жарлығын орындау мақсатында UZCARD және HUMO төлем жүйелері осы жылы өзара интеграцияның бірінші кезеңін аяқтады. Осылайша, екі жүйенің терминалдарында төлемдерді қабылдау процесі басталады. Жақын арада кассир үшін әр картаға түрлі терминалды пайдалану қажет болмайды– сауда және қызмет көрсету орындарында екі төлем жүйесіне де қызмет көрсететін бір құрылғы пайда болады», - делінген хабарламада.

Интеграциялық меморандум аясында UZCARD және HUMO келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастырады:

  • карта иелері, банктер, төлем ұйымдары және бөлшек сауда нүктелерінің мүдделерін қорғау;
  • технологияларды жетілдіру және қолма-қол ақшасыз төлемдерді ынталандыру инфрақұрылымын кеңейту;
  • төлем инфрақұрылымының сенімділігін және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жобаларды іске асыру.