Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
UZCARD және HUMO карталарына арналған терминалдар бір жүйеге көшіріледі
15:40 / 2021-04-14

Өзбекстандағы қолма-қол ақшасыз төлемдерге бейімделген UZCARD және HUMO карталарына арналған терминалдар жыл соңына дейін бір жүйеге көшіріледі.

UZCARD пен HUMO өздерінің инфрақұрылымын интеграциялау туралы меморандумға қол қойды. Осыған байланысты төлем жүйелерінің терминалдары карталардың екі түрін де қабылдай бастайды.

Құжат Өзбекстанда қолма-қол ақшасыз төлемдерді жақсартуға ықпал ететін бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Қол қойылған меморандум шеңберіндегі бірінші жоба бойынша компаниялар инфрақұрылымының біртіндеп интеграциясы басталады.

Жоспра бойынша 2021 жылдың аяғында терминалдар екі картаны да қабылдай бастайды деп күтілуде.

«UZCARD пен HUMO серіктестігі қаржылық қызметтерді азаматтарға ыңғайлы және қол жетімді етуге, сондай-ақ елдің шалғай аудандарындағы халықтың қаржылық сауаттылығын дамытуға және жақсартуға көмектеседі. Бұл өз кезегінде компанияларды жаңа технологияларды дамытуға, төлем бизнесін оңтайлатуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға ынталандырады. Бұл әділ бәсекелестіктің дамуына және қаржы технологиялары нарығында жаңа қатысушылардың пайда болуына ықпал етеді », - дейді UZCARD бас директоры Фаррух Зияев.