«UZBEKNEFTEGAZ» компаниясы жұмысшылар жалақысын 30 пайызға асырды
Өзбекстанда жалпы табиғи газ бен мұнай қоры 2,4 млрд тонна шартты отын энергетикасын құрайды
Қазіргі таңда Өзбекстан аумағында жалпы 275 мұнай және газ кендері бар болып олардың қоры 2,4 млрд тонна шартты отын энергетикасын құрайды екен.
Осы табиғи газ бен мұнай отын қорына иелік етуші «UZBEKNEFTEGAZ» компаниясы өз қарамағындағы жұмысшылар жалақысын 30 пайызға дейін көтергенін хабарлады. Хабарға сай 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап газ және мұнай өндірісі мен өңдеу зауытындағы инженерлік-техникалық жұмысшыларының жалақысына – 20 пайыз, ал вахталық қызметтегі жұмысшаларға – 30 пайыз қосылғаны айтылады.
Газ бен мұнай отынының негізгі ошақтары саналатын Бұқара, Қашқадария, Хиуа, Қарақалпақстан, Сұрхандария аймақтарында қазірде 4400-ге жуық жұмысшы қызмет атқаруда.
Осыған дейін «Shell» ағылшын-нидерланды мұнайгаз саласы компаниясының Shell Catalysts & Technologies бөлімі Сұрхандария облысында жылдық қуаты 5 млрд кубметрді құрайтын табиғи газды қайта өңдеуші зауыт салатын болған. Ал Өзбекстан Үкіметі 2025 жылға қарай шетке газ экапорттауды тоқтату жайлы жоспарлап жатқанын мәлімдеген еді.