Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Uzbekistan GTL» зауыты әлемдік энергетика саласының «Оскарына» үміткер ретінде таңдалды
13:58 / 2022-10-05

Өзбекстанның «Uzbekistan GTL» зауыты әлемдегі мұнай, газ және химия өнеркәсібі саласындағы ең беделді марапат, әлемдік энергетика саласының «Оскар» сыйлығы ретінде танылған «2022 Platts Global Energy Awards» – АҚШ-тың «S&P Global» беделді қазылар алқасы тарапынан «Гидрокарбонды қайта өңдеу өнеркәсібі» және «химия өнеркәсібіндегі үлкен табысы үшін» номинациясы бойынша әлемнің жетекші кәсіпорындары арасында үміткер ретінде таңдалды.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, осы номинациядағы марапат үшін «Uzbekistan GTL» зауытымен бірге Қытайдағы «China Gas Holdings», Люксембургтегі «Clariter», Үндістандағы «Hindustan Petroleum Corporation» және «Indian Oil Corporation», АҚШ-тағы «Kiewit», «United Energy Trading», «Valero Energy Corporation» сынды әлемнің жетекші кәсіпорындары бақ таласуда.

Марапат жеңімпаздары «S&P Global» тарапынан 2022 жылдың 8 желтоқсанында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін марапаттау рәсімінде жарияланады.

«Uzbekistan GTL» кәсіпорны әлемдегі ең ірі және ең озық зауыттардың бірі болып, Өзбекстанның табиғи газын терең өңдеу қуатын айтарлықтай кеңейтуге және көмірсутек шикізатының импортын азайтуға бағытталған.