«Uzbekistan GTL» ЖШС-ға жаңа директор тағайындалды
Өзбекстандағы жоғары сапалы отын өнімдерін шығаратын «Uzbekistan GTL» зауытына Баходиров Алишер Шукуралиевич жаңа директор болып тағайындалды.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, бүгінге дейін ол «Узбекнефтгаз» акционерлік қоғамының газ өңдеу және газ химиясы бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
Еңбек жолын 2000 жылы «Шортан газ-химия кешені» унитарлық еншілес кәсіпорны полиэтилен цехының бақылаушысы, ауысым инженері болып бастаған. Ол кейінгі жылдары «Узбекнефтгаз» акционерлік қоғамында көмірсутектерді терең өңдеуді дамыту бағытында нәтижелі еңбек етіп келе жатқан мамандардың бірі.