Uzbekistan Airways: Өзбекстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері тоқтатылмайды
Өзбекстан мен Ресей елдері арасындағы әуе рейстері тоқтатылмайды.
Uzbekistan Airways әуе компаниясының баспасөз қызметі Өзбекстан мен Ресей арасындағы рейстер кестеге сәйкес орындалатынын хабарлады.
«Соңғы күндері Өзбекстан мен Ресей арасындағы әуе рейстерін тоқтату туралы сұрақтар келіп түсуде. Өзбекстан мен Ресей қалалары арасындағы рейстер кестеге сәйкес үзіліссіз орындалатынын хабарлаймыз.
Сондай-ақ жолаушыларға әуе билеттерін сатып алуда алаяқтарға алданып қалмау үшін uzairways.com ресми сайтында 3% жеңілдікпен сатып алуларын ескертеміз», - делінген хабарламада.