«Uzbekistan Airways» Қытайға жасайтын әуе рейстерін тоқтатады
Өзбекстан СІМ коронавирустың қайнар көзі болған Уханьдағы 81 азаматты 4-5 ақпан күндері арнайы чартер рейстермен эвакуациялауды жоспарлауда
Қытайдағы коронавирустың тарауының төтенше жағдайына байланысты «Uzbekistan Airways» компаниясы Қытайға жасайтын тұрақты әу рейстерін уақытша тоқтатуын мәлімдеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл індетті әлемге қауіпті деп тауып халықаралық төтенше жағдай жариялаған еді.
«Uzbekistan Airways» компаниясының хабарлауынша, Бейжің мен Үрімші арасындағы тұрақты әуе қатнаулары 4 ақпаннан бастап тоқтатылады. Қазірде Мемлекет басшысының тапсырмасымен республикада арнайы комиссия құрылып, олар Қытайдағы Өзбекстан азаматтарын елге қайтару мен мемлекет аумағында коронавирустың тарауына қарсы күрес жүргізетін болады, деп жазылған.
Осыған дейін Қытайдың Ухань қаласынан тараған тәжвирусының таралу аймағы әлемнің ондаған еліне жетіп үлгерді. Одан қаза тапқандар сәт сайын өсіп 304-ке жетті. Олар арасында Филиппинде де бір кісінің өлімі тіркелген. Қазірде ауруды жұқтырғандар саны 15 000-ға жуық.
Коронавирустың қайнар көзі болған Уханьда Өзбекстанның 81 азаматы бар болып, оларды СІМ 4-5 ақпан күндері арнайы чартер рейстермен эвакуациялауды жоспарлауда.