Uzbekistan Airways әуе компаниясының әуе паркі тағы бір ұшақпен толықты
Екі қозғалтқышты LET L-410 ұшағы Чехияның «LET Aircraft Industries» компаниясында жасалған. Қысқа қашықтыққа арналған бұл әуе кемесі 19 жолаушыға дейін тасымалдауға қабілетті.
Ұшақ қысқа ұшу-қону жолағына қонуға бейімделген және күрделі климаттық жағдайларда ұшуға ыңғайлы, сондықтан елдің шалғай аймақтарына рейстер орындауға таптырмас таңдау.
Бұл ұшақ өңірлерге бағытталған рейстерді қамтамасыз ететін «Silk Avia» компаниясының әуе паркінің қатарына қосылды.
Қазіргі уақытта «Silk Avia» флотында тұрақты рейстерді атқаратын екі LET L-410 ұшағы бар. Олар аптасына үш рет – дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері – Нөкіс-Мойнақ бағыты бойынша жолаушылар тасымалдайды, ал сәрсенбі және сенбі күндері Ташкент-Шахрисабз бағытында қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, күн сайын Ташкент-Зомин бағытына тұрақты рейстер жүзеге асырады.