Uzbekistan Airways әуе компаниясы Airbus ұшақтар паркін кеңейтеді
Uzbekistan Airways әуе компаниясы жетекші әуелік лизинг компанияларының бірі SMBC Aviation Capital-пен екі Airbus A321 NEO ұшағын жеткізу туралы лизинг шартнамасына қол қойды. Ұшақтар 2026 жылы жеткізіледі.
Хабарда айтылуынша, Airbus A321 NEO әуе лайнері Uzbekistan Airways үшін жаңа типтегі ұшақ болып табылады және компанияға Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия бағыттарын кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Uzbekistan Airways әуе компаниясы Орталық Азия өңіріндегі әуетасымалдаулар бойынша көшбасшы болуды алдына үлкен мақсат еткен. Бағыттар желісін үнемі кеңейтіп, рейстер санын көбейтіп, оларды жаңа Airbus A320/A321 NEO отбасына тиесілі ұшақтармен тиімді жүзеге асыру жоспарланған. Осы типтегі ұшақтар жолаушыларға жайлы ұшу және жағымды саяхат үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Біз, сөзсіз, SMBC Aviation Capital-дан жаңа ұшақтарды алу арқылы осы мақсаттарға қол жеткіземіз», – деген Uzbekistan Airways басқарма төрағасы Шухрат Худойқулов.