«Uzbekistan Airways» Ташкент-Мадрид рейсін орындайды
«Uzbekistan Airways» әуе компаниясы Ташкент-Мадрид-Ташкент бағыты бойынша әу рейсін орындайды.
Компания дерегінше, Ташкент-Мадрид бағыты бойынша HY3245 алғашқы рейсі осы жылдың 15 қазанында орындалады. Ташкенттен 05:10 ұшып, Мадридке 10:30 қонады.
Мадрид-Ташкент бағыты бойынша HY3246 рейсі 21 қазанда орындалып, Мадридтен 8:00 ұшып шығады, Ташкентке 18:00 қонатыны айтылған хабарламада.
Еске сала кетсек, кеше Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте Мадридтен Өзбекстанға туристер санын артқаны бірақ олар транзитпен келетіндіктен, артық шығын жасап жатқанына байланысты Мадридтен елге тікелей рейс ашу жөнінде сөз қозғалған болатын.