«Uzbekistan Airways» Ташкент-Баку-Ташкент рейстерін қайта қалпына келтіреді
2022 жыл 8 наурыздан бастап «Uzbekistan Airways» компаниясы Бакуге рейстерді қалпына келтіреді.
Компания дерегінше, тұрақты рейстер аптасына бір рет – сейсенбі күндері қысқы кесте бойынша орындалады.
Ташкент – Баку бағытына билет құны 2 498 974 сум (жүктен бөлек) және 2 843 660 сум (жүкпен бірге), Ташкент – Баку – Ташкент бағыты бойынша 4 727 123 сум (жүктен бөлек) және 5 318 014 (жүкпен бірге).