«Uzbekistan Airways» тағы бір «Boeing» ұшағын сатып алады
«Uzbekistan Airways» әуе компаниясы биыл наурыз айында тағы бір «Boeing 787-8 Dreamliner» ұшағын сатып алады.
Бұл жөнінде ӨР Президенті Шавкат Мирзияевтің 28 желтоқсанда бекіткен 2021-2023 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасында айтылған.
Атаулы ұшақты сатып алуға 141,7 миллион доллар бөлінеді, оның 107,1 миллион доллары Қытайдың Мемлекеттік даму банкінің кредиті есебінен қаржыландырылады.