Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Uzbekistan Airways ұшулар кезінде қол жүгінің мөлшерін азайтты
10:44 / 2020-10-08

Uzbekistan Airways компаниясы коронавирустық пандемия кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтаудың маңыздылығына байланысты қол жүгінің тәртібін өзгертті


Uzbekistan Airways компаниясы коронавирустық пандемия кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтаудың маңыздылығына байланысты қол жүгінің тәртібін өзгертті.

Әуе компанияның хабарлауынша, әлеуметтік қашықтықты сақтау, өз орынына жайғасу уақытын қысқарту және жолаушылар мен экипаж мүшелері арасындағы шамадан тыс байланысты шектеу мақсатында қол жүгін тасымалдауға шектеулер енгізілген.

Онда айтылуынша, алдағы уақытта жолаушылар ұшақ салонына аса қажет болған заттарды алып кіруге рұқсат берілген. Олар қатарында портфель, әйелдер сөмкесі, ноутбук, ұшу кезінде қажет болатын балалар заттары бар сөмкені алу мүмкін. Ал қалған заттар тіркеу кезінде багажға өткізілуі керек.

«Қолданылмайтын қол жүгі тегін тасымалдауға болатын жүкке қосылады. Яғни, көрсетілген 8 келі қол жүгінің тек 2 килограмын салонға кіргізуге рұқсат. Қалған 6 келі жүктің рұқсат етілген мөлшеріне ақысыз қосылады », - делінген компания хабарында.