«Uzbekistan Airways» Нұр-Сұлтанға тұрақты рейстерді қалпына келтіруде
«Uzbekistan Airways» компаниясы Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанға тұрақты рейстерді қалпына келтіріп, Алматыға қосымша рейсті ашуда. Бұл туралы авиакомпанияның баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылдың 8 желтоқсанынан бастап Алматыға қосымша рейстер ашылады. Бұл ретте қосымша рейс сейсенбі күні келесі уақытта орындалады:
• Ташкент - Алматы: ұшу 15: 20-да, қону 17: 50-де
• Алматы - Ташкент: ұшу 18: 50-де, қону 19: 30-да.
Нұр-Сұлтанға рейстер 10, 15, 22 және 29 желтоқсан күндері келесі кесте бойынша жүзеге асырылады:
• Ташкент - Нұр-Сұлтан: ұшу 13: 00-де, қону 16: 00-де;
• Нұр-Сұлтан - Ташкент: ұшу 17:00, қону 18: 00-де.