«Uzbekistan Airways» компаниясы Boeing-787 лайнерін қабылдап алды
«Uzbekistan Airways» ұшақтар құрамына тағы бір Boeing Dreamliner 787-8 лайнері қосылды. Бұл копанияның алтыншы әуе көлігі.
Өзбекстан әуе жолдарының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Boeing-787 ұшағы құрамында Арал өңіріне жеткізілетін гуманитарлық жүк те бар.
АҚШ-тың «Project C.U.R.E.» және «Boeing» компаниялары тарапынан Қарақалпақстан халқы үшін қайырымдылық жобасы аясында 3 млн долларлық гуманитарлық көмек жіберілген. Атаулы жүк АҚШ-тың Ташкенттегі елшілігі және басқа елдердің дипломатиялық өкілдіктерінің бақылауымен жеткізілетін болады.
