Uzbekistan Airways Индонезияға рейстерді қайта жолға қояды
Uzbekistan Airways компаниясы сәуір айынан бастап Индонезияға рейстерді қайта жолға қояды.
Әуе компанияның дерегінше, үш жылдық үзілістен кейін Ташкент-Джакарта-Ташкент бағыты бойынша рейстер қалпына келтірілуі 2023 жылдың 26 сәуірінен басталады. Тікелей тұрақты рейстер аптасына бір рет – сәрсенбі күндері жүзеге асырылады.
Джакартадан Индонезияның Бали аралына ыңғайлы байланыстырушы рейстер бар. Ұшу Dreamliner 787 ұшағында орындалады.