Uzbekistan airways авиапаркі жаңа ұшақпен толықты
Uzbekistan airways әуе компаниясының паркі Airbus-330-200 ұшағымен толықты.
Ведомство дерегінше, әуе компания Airbus-330-200 ұшағын алғаш рет пайдаланатын болады.
«Ұшақ көктемгі-жазғы маусымда Ташкенттен танымал халықаралық бағыттар бойынша коммерциялық рейстер үшін жалға алынды», делінген хабарламада.
Airbus-330-200 ұшағы салонында 2/4/2 орналасу (шеткі қатарда 2 орын, орта қатарда 4 орын) бар. Бизнес класта 18 орын, эконом класста 248 орын қарастырылған. Бұған дейін ұшақты Ресейдің «Aeroflot airlines» және Литваның «Heston airlines» чартерлік компаниялары пайдаланған.