Uzbekistan Airways авиапаркі Airbus A320 тобының 24-ші ұшағымен толықты
Uzbekistan Airways әуе компаниясының авиапаркі UK32029 тіркеу нөмірі бар тағы бір Airbus A320neo ұшағымен толықты.
Компания мәліметінше, жақын арада ұшақ екі кластағы 170 жолаушыны тасымалдай бастайды.
Сәуір айында Өзбекстанға тағы бір Airbus A320neo ұшағы жеткізілген еді.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың қаңтарында Uzbekistan Airways әуе компаниясы Airbus компаниясымен A320neo отбасына тиесілі 12 ұшақты сатып алу туралы келісімге қол қойған болатын.