Uzbekistan Airports Astra DCS жолаушы мен жүк тіркеу жүйесін кезең-кезеңімен енгізуді бастады.
Компанияның дерегінше, Наманган халықаралық әуежайы осы жаңа жүйе бойынша «Уральские авиалинии» әуе компаниясының Наманган-Мәскеу бағыты бойынша 222 жолаушысы бар ұшақ рейс орындады. Жаңа тіркеу жүйесі бойынша екінші рейс те 12 қаңтар күні сағат 03:00-де Наманган әуежайынан Екатеринбургке ұшып шықты.
«Бұған дейін барлық әуежайлар ұлттық авиакомпанияның бірыңғай тіркеу жүйесін қолданып келген. Кейін келе әуежайлардың жеке тіркеу жүйесі болуы қажет болды. Өзбекстан әуежайлары Sirena Travel компаниясының Astra DCS жүйесін таңдады. Өзбекстанның барлық 11 халықаралық әуежайында жеке тіркеу жүйесі жоқ барлық авиакомпаниялар біртіндеп осы жүйеге көшеді. Бұл жүйеде жолаушылар мен жүктерді жылдам әрі ыңғайлы тексеруге мүмкіндік беретін графикалық интерфейс бар», - деген «Uzbekistan Airports» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Джавлон Умарходжаев.
Бұл жолаушылар мен багажды тіркеу процесінің барлық қажетті операцияларын автоматты түрде орындауды қамтамасыз ететін заманауи көптілді хостинг жүйе.