Uzbekistan Airports: Өзбекстанда «Silk Avia» әуе компаниясы ашылады
Өзбекстан Көлік министрлігінің бастамасымен «Uzbekistan Airports» АҚ «Silk Avia» аймақтық еншілес компаниясын ашуда.
Компания дерегінше, «Silk Avia» 2021 жылдың қыркүйегінде тіркеуден өткен болып, жаңа әуе тасушы қызметін 2022 жылдан бастап рейстерді ашуды жоспарлап отыр.
14-18 қарашада Дубайда өткен Dubai Airshow-2021 көрмесі аясында Uzbekistan Airports пен HAS Aviation GT LLC аймақтық авиакомпания стратегиясын құру туралы келісімге қол қойды.
Хабарда, аймақтық авиакомпанияның құрылуы Өзбекстанда іскерлік белсенділікті ынталандыруда және ішкі туризмді дамыту үшін жағдай жасауда маңызды рөл атқаратыны, бұл өз кезегінде халықтың авиациялық ұтқырлығын арттыруға мүмкіндік беретіні айтылған.
Әуе компаниясының жоспарына сәйкес 40-қа дейінгі бағытты дамыту және жолаушы сыйымдылығы 70 адамға дейін аймақтық әуе кемелерін сатып алу қарастырылған.