French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Uzbekistan Airports» Халықаралық әуежайлар кеңесінің мүшесі болды
08:28 / 2021-01-26

«Uzbekistan Airports» АҚ ресми түрде Бүкіл әлемдегі әуежайларды біріктіретін Халықаралық әуежайлар кеңесінің (ACI) мүшесі атанды.

Қазіргі таңда құрамында 670 мүшеден тұратын Халықаралық әуежайлар кеңесі (ACI) 176 елдегі 1 979 әуежайға қызмет көрсетеді. ACI сонымен қатар Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA), Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) және Азаматтық авиацияның аэронавигациялық қызмет көрсететін ұйыммен (CANSO) ынтымақтастық орнатқан.

«Uzbekistan Airports» басшылығы ACI-мен орнатқан онлайн байланыс 2020 жылдың соңында аяқталған еді. Осы келіссөздер барысында Өзбекстанның барлық халықаралық әуежайларында ұшу қауіпсіздігі, жолаушыларға сапалы қызмет көрсету, әуе қақпаларын әлемдік стандарттарға сай жаңарту, рейстерді кеңейту мәселелері сөз болды.  

Өзбекстанның ұйымға ұсынған құжаттары бірауыздан мақұлданып, мүшелік талаптары мен алдағы міндеттердің орындалуы туралы пікірлер тыңдалды және болашақ жоспарлар айқындалды.

Халықаралық әуежайлар кеңесіне мүшелік ең алдымен қызметтердің сенімділігіне кепілдік береді. Сонымен қатар, елдің әуе көлігі жүйесін түбегейлі реформалау, оның қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, туризмді дамыту және инвестиция ағымын жеделдету үшін ACI қызметі пайдаланылатын болады.