«Uzauto Motors» Тәжікстанда автокөлік шығарады
Өзбекстан нарығындағы жетекші автокөлік өндіруші «Uzauto Motors» компаниясы Тәжікстанда автокөлік шығаратын болды.
9 маусымда ӨР Президентінің Тәжікстан Республикасына сапары қарсаңында Тәжікстанның Бахтар қаласында бірінші өзбек-тәжік аймақаралық инвестициялық форумы өтіп, онда «Auto Motors» автомобильдерін шығаратын «UzAuto Motors Tajikistan» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойылды, делінген «Uzavtosanoat» хабарында.
Жобаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңде 10 мың автокөлік шығару көзделген болып, болашақта бұл көрсеткішті 35 мыңға дейін ұлғайту жоспарланған.