UzAuto Motors соңғы 9 айда Қазақстанға 24 мыңнан астам көлік экспортады
2021 жылдың 9 айында Өзбекстан шет елдерге 25 171 көлік экспорттады. Оның 96 пайызы Қазақстан үлесіне тура келеді.
Мемлекеттік статистика комитеті хабарлауынша, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстан шет мемлекеттерге 242,5 миллион долларлық 25 171 көлік экспорттады.
Жеңіл көліктердің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 036-ға өскен. Сондай-ақ, 9 айда Өзбекстанға шетелден 18 150 автокөлік әкелінген және ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2331-ге азайды.
Осы кезең аралығында көліктер экспортталған негізгі елдер:
- Қазақстан – 24 137;
- Украина – 448;
- Ресей – 320;
- Ауғанстан – 128;
- Тәжікстан – 64;
- Әзірбайжан – 37;
- Қырғызстан – 30;