UzAuto Motors компаниясы Spark, Nexia, Cobalt және Lacetti автокөліктеріне келісімшартты тоқтатты
Өзбекстан нарығында бірегей UzAuto Motors компаниясы бірнеше автокөліктерге келісімшарт беруді уақытша тоқтатты.
«Avtostrada» сайтындағы хабарламаға сай, UzAuto Motors компаниясының дилерлерлік орталықтарында жаңа бағдарламалық жасақтамаға көшуіне байланысты Spark, Nexia, Cobalt және Lacetti автокөліктеріне келісімшартты уақыша тоқтатқан.
Мәлім болуынша, GM Uzbekistan келісімшарттар мен автокөліктерді жеткізудің жаңа басқару жүйесіе көшеді.
Бұған дейін, UzAuto Motors компаниясы Equinox автокөлігінің жеткізілімін тоқтатқаны жайлы хабарлап, онда бұл модельдер желісін жаңарту стратегиясына байланысты орын алғанын алға тартқан болатын.