UzAuto Motors компаниясы Chevrolet «Onix» автокөлігін шығаратын мерзімді жариялады
Өзбекстан нарығындағы жетекші автокөлік компаниясы UzAuto Motors алдағы уақытта Chevrolet маркалы жаңа «Onix» автокөлігін шығаратын мерзімді жариялады.
Компания мәліметінше, 2021 жылдың тамызында Асака автомобиль зауытында Chevrolet «Onix» пен «Traker 2» көліктерінің өндірісін бастау үшін қажетті жұмыстар жүргізілген болып, Chevrolet «Onix» сатылымы 2022 жылдың аяғы мен 2023 жылдың басында басталады деп жоспарланған.
«Қазіргі талаптарға сәйкес, Chevrolet «Onix» көлігінің бірінші партиясы өндірілгеннен кейін алты айлық сынақ мерзімінен өтуі тиіс. Ол үшін автокөліктер әр түрлі климаттық жағдай мен түрлі жолдарда сыналмақ. «Onix» автомобильдерінің сериялық өндірісі толық сынақтан өткеннен кейін ғана жолға қойылады, делінген компания хабарламасында.