UzAuto Motors компаниясы 4 түрлі автокөлікті сату бойынша келісімшартты тоқтатты
UzAuto Motors компаниясы 2022 жылдың 1 ақпанына дейін «Nexia», «Spark», «Cobalt» және «Lacetti» автокөліктеріне келісімшартты уақытша тоқтатты.
Компания дерегінше, жоғарыда аталған көліктерге келісімшарт 2021 жылдың 20 желтоқсанынан бастап тоқтатылған.
Порттар мен темір жолдардағы логистикалық проблемалар (контейнерлер 6 айға дейін кешігеді), сондай-ақ бүкіл әлем бойынша жартылай өткізгіштерді жеткізудегі үзілістер жаһандық автомобиль өнеркәсібіндегі ұзаққа созылған дағдарысқа әкелді. Өкінішке орай, біздің компания да осылар қатарында. Осыған орай «Nexia», «Spark», «Cobalt» және «Lacetti» автокөліктеріне келісімшарт жасау уақытша тоқтатылады, делінген хабарламада.