UzAuto Motors көліктері Тәжікстан нарығында сатылымға шықты
Өзбекстандағы бірегей автокөлік компаниясы UzAuto Motors «Chevrolet» маркалы төрт моделін сатуды бастады.
Компанияның хабарлауынша, көрші елде сатылымға шыққан модельдер қатарында - Spark, Cobalt, Nexia және Lacetti бар.
Lesinvest компанияның ресми дистрибьюторы ретінде Тәжікстанда Chevrolet сегменттелген автокөліктерін сату мен қызмет көрсетуді басқарады. Сондай-ақ, компания автокөліктерді бәсекеге қабілетті бағамен сатуды қамтамасыз ету үшін дилерлік желіні дамытуды және тәжік банктерімен бірлесіп несиелік бағдарламаларды іске қосуды жоспарлаған.
2021 жылда компания ең көп шығарған Cobalt автокөлігі болды. Соңғы 7 айда бұл темір тұлпардың 36 317 данасы пайдалануға берілген.