Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Уханьда COVID жағдайына байланысты локдаун жарияланды
15:33 / 2022-07-28

2019 жылы COVID-19 тарай бастаған Қытайдың Ухань қаласында қайтадан локдаун жарияланды.

CNN-нің хабарлауынша, коронавирустың симптомсыз төрт жағдайының анықталғаны бойынша Ухань қаласында локдаун жарияланған. Соның салдарынан миллионға жуық қала тұрғыны қазір үйде отыруға мәжбүр болды.

Қауіпті аймақтарда барлар, мейрамханалар, базарлар, шіркеулер жабылып, қоғамдық көлік тоқтатылған.

Американдық Джонс Хопкинс университетінің бейсенбі таңертеңгі мәліметі бойынша әлемде коронавирус инфекциясының тіркелген жағдайларының саны 573 811 593-ке жетті.

Вирус әлемде тарала бастағаннан бері COVID-19 инфекциясының салдарынан 6 393 435 адам қайтыс болған.