English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Уругвайда президенттік сайлауда оппозиция өкілі жеңіске жетті
15:06 / 2024-11-25

Уругвайда президенттік сайлауының екінші турында оппозиция өкілі Яманду Орси жеңіске жетті.

Сайлау учаскелерінің 81,26 пайызы саналғанан кейін «Кең фронт» сол-орталық коалициясының өкілі Орси 942 470 дауыс жинады. Ал оның қарсыласы, қазіргі үкімет басшысы «Бланко» оң-орталық партиясының кандидаты Альваро Делгадо 898 767 дауыс алды.

Жеңілісін мойындаған Делгадо және қазіргі президент Луис Лакале Поу Яманду Орсиді жеңісімен құттықтады.