UNWTO ресми сайтында Самарқанд туралы бейнеролик көрсетілуде
Биылғы жылдың 16-20 қазанында Самарқанд қаласында Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) Бас Ассамблеясының 25-ші сессиясы өтеді.
Осыға орай UNWTO-ның ресми сайтында жалпы жұртшылықты Самарқанд қаласымен таныстыруға бағытталған бейнеролик жарияланып, «Самарқанд – Мәңгілік қала» фильмі түсірілді.
Сондай-ақ, Бас Ассамблеяның 25-ші мерейтойлық сессиясының веб-парақшасы іске қосылып, шараға қатысушыларды тіркеу басталды.
Өзбекстан Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қатысушылар Бас ассамблеяның ресми парақшасы арқылы Самарқандтағы шара бағдарламасымен танысып қана қоймай, Өзбекстанға бару туралы толық ақпарат алу мүмкіндігін жариялаған.