Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) соңғы мәліметтеріне қарағанда, әлемдегі үш бағыттың бірі немесе елдердің 32 пайызы халықаралық туризм үшін толықтай жабық.
Covid-19 індетінің жаңа штамдары пайда болуымен көптеген үкіметтерді, әсіресе Азия-Тынық мұхиты аймағы мен Еуропаны саяхатқа шектеуді алып тастау жоспарынан бас тартуға мәжбүр еткен.
«Вирустың таралуын шектеу үшін туризм саласында шектеулер кеңінен қолданылды. Енді, біз туризмді қайта бастау үшін жұмыс істей отырып, шектеулер шешімнің бір бөлігі ғана екенін мойындауымыз керек. Оларды пайдалану соңғы мәліметтер мен талдауларға негізделіп, үнемі тексеріліп отырылуы керек. Әйтпесе, миллиондаған адамды жұмыспен қамтыған сала қалпына келе алмайды», - деген UNWTO Бас хатшысы Зураб Пололикашвили.
Ұйымның хабарлауынша, 217 бағыттың 69-ы толығымен жабылған, оның 30-ы Азия-Тынық мұхиты аймағында, 15-і Еуропада, 11-і Африкада, 10-ы Солтүстік және Оңтүстік Америкада, үшеуі Таяу Шығыста.
2020 жыл сәуірде пандемия жарияланған соң әлемнің барлық елдерінде туризмге шектеулер енгізіліп, жыл соңына қарай халықаралық туризм 74 пайызға қысқаруы салдарына кіріс 1,3 триллион долларға азайғаны мәлім болды.