UNICEF Өзбекстанға 669 мың долларлық вакцина процесінде қолданылатын шприцтер сыйлады
UNICEF Өзбекстанға вакцина процесінде қолданылатын құны 669 мың долларлық шприцтер сыйлады.
UNICEF өкілдігінің Өзбекстандағы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 наурызда COVAX бағдарламасы бойынша Өзбекстанға шприцтер мен оларды қауіпсіз жоюға арналған қораптардан тұратын құны 669 мың долларлық жүк келді.
Бұл шприцтер 2022 жылдың наурыз айының ортасында жеткізілуі жоспарланған Pfizer-BionNTech вакцинасына қарсы вакцинациялау үшін пайдаланылады.