Унай Эмери мансабында абсолютті рекорд орнатты
Испанияның «Вильярреал» клубының бас бапкері Унай Эмери мансабында алтыншы рет Еуропа Лигасының жартылай финалына шығып, мансабында абсолютті рекорд орнатты.
«Вильярреал» клубы Еуропа Лигасының ширек финалындағы қарымта кездесуде «Динамо Загреб» клубын 2: 1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Клуб жаттықтырушы 49 жасты Унай Эмери өз мансабында осымен Еуропа Лигасының жартылай финалына алтыншы рет қадам басты. Бұл турнир тарихындағы абсолютті рекорд саналады.
Ол бұған дейін, «Валенсия» (2012), «Севилья» (2014-2016) және «Арсенал» (2019) клубымен ЕЛ-ның жартылай финалында ойын көрсетіп, «Севилья» клубын үш рет жеңімпаз атанған.
«Вильярреал» Еуропа лигасының жартылай финалында «Арсенал» клубымен кездеседі.