Унаи Эмери отставкаға кетті. Астана, Манчестер Юнайтедті жеңді. Лига Европа 5-тур ойындарының қызықтары
Арсенал өз алаңында франкфурттың Айнтрахт клубын қабылдап күтпеген жағдайда жеңіліп қалды
28-ші қараша күнгі кешкі және 29-на өткен түннің Европа жасыл алаңдарында Лига Европа чемпионаты топтық кездесулерінің 5-тур ойындары өтіп, онда бірнеше команда плей-офф мәселесін нақтыласы тағы бірнеше мықты клубтар келесі кезеңге өту жағын соңғы кездесулерге қалдырды.
Севилья, АПОЭЛ, Базель, Спортинг, ЛАСК, Селтик, Эспаньол, Гент, Вольфсбург, Брага, Вулверхэмптон, Манчестер Юнайтед, АЗ Алкмар клубтары мерзімінен бұрын келесі кезеңге жол алды. Ал, 6-тур кездесулері аясында «В», «С», «Е», «F» «G» «H» «J» топтарындағы командалар плей-офф үшін тартысқа түсетін болады.
Кешегі өткен ойындар нәтижесінде Арсенал өз алаңында франкфурттың Айнтрахт клубын қабылдап күтпеген жағдайда 1:2 есебінде жеңіліп қалды. Бұл жағдайдан кейін клуб басшылары бас бапкер Унаи Эмериді отставкаға жіберді. Клубқа жаңа бапкер келгенше Фредди Юнгберг уақытша басқаратын болған.
Лига Европа ойындарының 5-турынан орын алған Астана – Манчестер Юнайтед кездесуінде алаң иелері қазақстандық клуб 2:1 есебінде жеңіске жетті.
5-турдан орын алған ойындар нәтижесі:
A-тобы Севилья — Карабах — 2:0, Дюделанж — АПОЭЛ — 0:2
B-тобы Мальме — Динамо К — 4:3, Лугано — Копенгаген — 0:1
D-тобы Русенборг — ЛАСК — 1:2, Спортинг — ПСВ — 4:0
E-тобы Лацио — ЧФР Клуж— 1:0, Селтик — Ренн — 3:1
F-тобы Гимарайнш — Стандард — 1:1, Арсенал — Айнтрахт Ф — 1:2
G-тобы Фейеноорд — Рейнджерс — 2:2, Янг Бойз — Порту — 1:2
I-тобы Сент-Этьен — Гент — 0:0, Александрия — Вольфсбург — 0:1
J-тобы Вольфсбергер — Боруссия М — 0:1, Истанбул ББ — Рома — 0:3
K-тобы Брага — Вулверхэмптон — 3:3, Бешикташ — Слован Бр — 2:1
L-тобы Астана — Манчестер Ю — 2:1, АЗ Алкмар — Партизан — 2:2