Украинадан Польша арқылы эвакуацияланған Өзбекстан азаматтарының саны 3,6 мыңнан асты
2022 жыл 5-6 наурыз күндері Польшаның Катовице әуежайы арқылы Украинадан 440 Өзбекстан азаматы (олар арасында 88 әйел, 59 кәмелетке толмаған, 20 сәби бар) эвакуацияланды.
СІМ ресми өкілінің мәліметінше, 28 ақпаннан 5 наурызға дейін 16 әуе рейсімен Украинадан Польша арқылы жалпы 3 685 өзбекстандық елге әкелінді.
«Өзбекстанның Украинадағы елшілігі отандастармен тұрақты байланыс орнатуда. Дипломаттар Украинаның әртүрлі аймақтарында, соның ішінде соғыс жүріп жатқан аудандарда болып, Өзбекстан азаматтарын эвакуациялау жұмыстарын жүзеге асыруда», - делінген хабарламада.